ЕО мен Ұлыбритания көшбасшылары Аляскадағы саммит қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады

Еуропалық одақ, ЕО, Ұлыбритания, Аляска, саммит, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2025 16:43 Сурет: pixabay
Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания басшылары АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуінен кейін бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкциялық қысымды күшейте түсіп, Украинаны ары қарай да қолдайтынын мәлімдеді.

Олар Киевке қару-жарақ жеткізудегі кез-келген шектеулерді тыюға ниетті екендіктерін және Ресей Украинаның ЕО мен НАТО-ға кіруіне тосқауыл болмауы керектігін атап өтті. Украина "қауіпсіздіктің сенімді кепіліне" ие болуы керек, ал оның Қарулы Күштері "ешқандай шектеулерге ұшырамауы тиіс".

Сондай-ақ, Украина Ресеймен қақтығысты реттеу аясында өз территориясына қатысты шешімді өзі қабылдауы керектігі де баса айтылады.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамппен кездесу үшін Вашингтонға баратыны белгілі болды. Сапар 2025 жылдың 18 тамызына жоспарланған. Бұл туралы Украина президентінің өзі әлеуметтік желіде жазды. Сондай-ақ Дональд Трамп та мұны растады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: