Франция бүліктен кейін елді тезірек қалпына келтіру үшін төтенше жағдай енгізуі мүмкін

Франция, Нантер қаласы, полиция, бүлік, жасөспірім өлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 09:41 Сурет: Twitter/EmmanuelMacron
Франция президенті Эммануэль Макрон қала экономикасын қалпына келтіру процедурасын тезірек бастау үшін төтенше жағдай енгізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Huffpost басылымының жазуынша, ел президенті наразылық кезінде бүлінген заттың бәрін "тезірек қалпына келтіру үшін" шұғыл шаралар қабылдауға уәде берді.

Макронның пікірінше, қиын кезең артта қалып, толқудың екпіні басылған, дегенмен сақтық танытып отыр. Қалаларда полиция мен жандармерия бұрынғысынша қарауылдай береді.

Президент қала экономикасын қалпына келтіру процедурасын тезірек бастау үшін төтенше жағдай туралы заңды енгізуге дайын екенін баса айтты.

Елге келтірілген шығын, Франция өнеркәсіпшілер одағының мәліметінше, 1 миллиард еуроға жетуі мүмкін. Соңғы мәліметтер бойынша, сотқа 990 іс жолданса, оның 480-і жеделдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралған. Бас бостандығынан айыруды қарастыратын 380 үкім шыққан.

Франциядағы тәртіпсіздік сейсенбі күні таңертең Париждің солтүстік-батысындағы Нантер маңындағы жолды тексеру кезінде жасөспірімді полиция қызметкері атып өлтірген соң басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: