Жаңалықтар тізбегі
0

Twitter Meta-ны жаңа қолданба үшін сотқа бермек

Twitter Meta-ны жаңа қолданба үшін сотқа бермек, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2023 10:13 Сурет: pexels
Twitter заңгері Алекс Спиро Meta бас директоры Марк Цукербергке мәтінге негізделген танымал әлеуметтік платформаны қайталайтын жаңа Threads қолданбасы іске қосылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Twitter өкілдері Цукербергті плагиат және браконьерлікпен айналысты деп айыптап жатыр. Бұл Meta Twitter-ді толығымен қайталайтын Threads қосымшасын іске қосқаннан бірнеше сағат өткен соң белгілі болды, деп жазды Semafor.

"Twitter өзінің зияткерлік меншік құқығын қатаң сақтауға ниетті және Метадан Twitter-дің кез келген коммерциялық құпияларын немесе басқа да аса құпия ақпаратты пайдалануды тоқтату үшін дереу шара қолдануды талап етеді", - деп жазды Спиро адвокаты Метаға жазған хатында.

Спиро Метаны "Твиттердегі коммерциялық құпияларға және басқа да аса құпия ақпаратқа қол жеткізе алатын ондаған бұрынғы қызметкерлерін жалдады" деп айыптады.

Метаның қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Энди Стоун Twitter-нің айыптауын негізсіз деп атады. "Treads инженерлерінің ешқайсысы Twitter-дің бұрынғы қызметкерлері емес", - деді ол.

6 шілдеде Facebook, WhatsApp және Instagram желілеріне иелік ететін топ Threads қолданбасын іске қосты. Threads Instagram-ның мәтіндік чат қолданбасы деп аталды. Платформа Twitter-ді дәл қайталайды деп айтылып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: