Twitter-ге банкроттық төніп тұрған жоқ – Илон Маск

Twitter, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2022 15:55 Сурет: wikimedia
Миллиардер, Twitter-дің егесі әрі бас директоры Илон Маск өз әлеуметтік желісіне банкроттық төніп тұрмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл жайлы Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Twitter, әзірге қауіпсіз аймақта емес, бірақ ол банкроттық шегінде де емес. Әлі де көп жұмыс істеу керек", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ол америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының біріне берген сұқбатында мұндай мүмкіндікті жоққа шығармады. Оның айтуынша, әлеуметтік желі оған жұмсалған ақшадан көп табыс әкелмейді. Басылымның хабарлауынша, миллиардер өз сұқбатында компания қызметкерлеріне келесі жылы платформадан "бірнеше миллиард доллар сыртқа ағылып кетуі" мүмкін екенін ескерткенін айтыпты.


2022 жылдың қазан айының соңынан бастап Twitter-ді Илон Масктың өзі басқарып келеді. Ол әлеуметтік желі басшысы қызметінен кету-кетпеу керектігіне қатысты сауалнама жүргізіп, соның нәтижесіне көнуге уәде берген. Сауалнамаға қатысқандардың 57%-ы Масктың бұл лауазымнан кетуін жақтаған. Алайда, әзірге ол орнына қоятын адамы жоғын айтып, өз уәдесін орындамады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: