Жаңалықтар тізбегі
0

Қырым көпірінде төтенше жағдай: қозғалыс тоқтатылды, оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр

Украина, Ресей, Қырым көпірі, төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2023 09:16 Сурет: wikimedia
Қырым басшысы Сергей Аксенов көпірдің 145-ші тірегі маңындағы төтенше жағдайға байланысты Қырым көпіріндегі көлік қозғалысы тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

RT басылымының жазуынша, Қырым билігі төтенше жағдайға байланысты туристерге көмек көрсетеді.

Аксенов Қырым көпірі арқылы жүруден бас тартуға және жаңа өңірлер арқылы балама құрлық жолын таңдауға шақырды.

Сондай-ақ оқиға орнында құқық қорғау органдары мен барлық жауапты қызметтер жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

Оқиғаның мән-жайы нақтыланбады.

Қырым көпіріне кірер жолда көп шақырымдық кептеліс пайда болған.

Baza Telegram арнасы Қырым көпірінің құлауы салдарынан алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде екі адам қаза тапқанын жазды. Тағы бір адам жарақат алды.

ТАСС Қырым көпіріндегі төтенше жағдайдан кейін үйлестіру штабы орналастырылатынын хабарлады. Ведомствоның сенім телефоны жұмыс істей бастады. Қырым жанар-жағармай, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз етілген, жергілікті қоймаларда барлық қажетті заттар бар, деп хабарлады жергілікті билік.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: