БЖЗҚ төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істеп жатыр
![Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 10:52](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-0eac6090-21dd-47ba-91fa-83d0f9ebe2e0/800x451.webp)
БЖЗҚ мәліметі бойынша, 2022 жылдың 5 қаңтарында Қордың барлық бөлімшелері штаттық тәртіпте жұмыс істеп, сағат 16.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетті.
6 қаңтарда Мемлекет басшысының төтенше жағдай тәртібін жариялауына байланысты Қор кеңселері өз жұмысын тоқтатты.
2022 жылдың 10 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ның барлық бөлімшелерінің қызметі қайта жанданды. Қор кеңселері халыққа қызмет көрсетуді сағат 9.00-ден бастап 16.00-ге дейін жалғастырады.
Бұған Алматы және Қызылорда қалаларындағы бөлімшелер кірмейді. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық филиалының Мерке, Шу және Қордай елді мекендеріндегі бөлімшелер қашықтан жұмыс істейді.
1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы өңірлік бөлімшелер арқылы 16.00-ге дейін жұмыс істейді.
Зейнетақы жинақтарының сақталуын, қауіпсіздігін және үздіксіз есепке алынуын қамтамасыз ету үшін БЖЗҚ-ның барлық ішкі ресурстары мен инфрақұрылымы штаттық тәртіпте жұмыс істейді. БЖЗҚ баспасөз қызметі