Нығматулин: төтенше жағдай – халық қауіпсіздігі үшін қажетті шара

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президентінің елде төтенше жағдай жариялауы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді арттыру үшін жасалған мәжбүрлі шара деп есептейді, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..
Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бүгінде Ел басшылығы тарапынан қабылданған іс-әрекеттер ең алдымен короновирус инфекциясын таратпауға бағытталған. Бұл туралы ол өзінің Твиттердегі жеке парақшасында жазды.
"Президенттің бастамасымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ел басшылығы тарапынан қабылданған кешенді шаралар азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Уақытша шектеу елімізде короновирустың таралуына жол бермеу үшін қажет", - деді Н.Нығматулин.
Президенттің бастамасымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ел басшылығы тарапынан қабылданған кешенді шаралар азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Уақытша шектеу елімізде короновирустың таралуына жол бермеу үшін қажет.
— Nurlan Nyǵmatýlın (@NigmatulinKZ) March 16, 2020
Мәжіліс Спикерінің айтуынша, жағдай толықтай бақылауда. Алаңдаушылыққа бой алдыруға болмайды. Нұрлан Нығматулин сондай-ақ, қазақстандықтардың қалыптасқан жағдайға жоғары жауапкершілікпен қарап, өз денсаулықтарына баса көңіл бөлетініне, айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қолға алатынына сенім білдірді.