Голливудтағы ереуіл: Paramount-тың бұрынғы басшысы сала құлдырауы мүмкін екенін айтты
Барри Диллердің айтуынша, дау Рождествоға дейін (25 желтоқсан) шешілмейді, сондықтан теледидарлар мен театрлар алдында көрермендер таңдайтын көп дүние бола қоймайды.
"Көрермендер жазылудан бас тартады, бұл барлық кинокомпаниялардың, телекомпаниялардың кірісінің азаюына әкеледі, соның салдарынан телебағдарламалар болмайды. Ал ереуіл басылып, компаниялар "көтерілгісі" келген кезде ақша болмайды". Барри Диллер
Диллер "абсолютті күйреуге" жол бермеу үшін 1 қыркүйекке дейін келісімге қол жеткізу керек деп санайды.
Ол Голливудтағы кино бизнесі ел ішінде де, жаһандық экспорт үшін де үлкен бизнес екенін атап өтті.
SAG-AFTRA актерлер одағы жалақы, шарттар және болашақ жобаларда жасанды интеллектті пайдалану туралы бірнеше апталық келіссөздерден кейін WGA (Writers' Guild of America) жазушылар одағының ереуіліне қосылды.
13 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында ереуіл жариялаған SAG-тің атқарушы директоры әрі бас келіссөзші Дункан Крэбтри-Ирланд Кино және телевидение продюсерлерінің альянсы "негізгі мәселелер бойынша әділ шешім ұсынуға құлқы жоқ екенін" айтты.
Актерлер гильдиясының президенті Фрэн Дрешер компаниялар кейбір мәселелер бойынша конструктивті қарым-қатынастан бас тартқанын, ал кейбірі мүлде тоқтап қалғанын айтты.
Кинофильмдер мен телевидение продюсерлері альянсы ереуілшілер "жалақыны, зейнетақыны және медициналық жарналарды жоғарылату, сериал опцияларының мерзімін қысқарту, жасанды интеллект бойынша актерлердің цифрлық бейнесін қорғайтын ұсыныстарды қабылдамады" деп жауап берді.