Жаңалықтар тізбегі
0

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы "Тобыл" футбол клубының директоры болды

"Манчестер Юнайтед", "Тобыл" ФК, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 12:10 Сурет: fctobol.kz
Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубының және Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы Андрей Канчельскис қостанайлық "Тобыл" командасының бас директоры болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанайлық команданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Андрей Канчельскисті шақыру жөнінде ресми түрде хабарлаған. Маманмен келісімшарт келесі маусымның соңына дейін жасалған.

"Көмектесуімді сұрады, маусымның соңына дейін тырысамын. Сонымен қатар жаттықтырушылық жұмыс жөнінде ұсыныс түссе, бұл мәселені шешуге болады деген уағдаластыққа қол жеткізілді. Әрине, жаттықтырушы ретінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. 13 шілдеде біз "Хонка" клубымен ойнаймыз, жұмыс істеп, "Тобылдың" алға жылжуына көмектесеміз". "Тобыл" ФК директоры Андрей Канчельскис

Қостанайға көшкенге дейін ресейлік маман "Навбахорда" (Өзбекстан) екі жыл жұмыс істеген.

"Ол өзін кәсіби футболдың барлық қыр-сырын білетін тәжірибелі жоғары кәсіби маман ретінде көрсетті. Оның кәсіби білікьілігі, мол тәжірибесі мен шеберлігі "Тобыл" футбол клубын жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін". Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов

Андрей Канчельскис жанкүйерлерге әйгілі "Манчестер Юнайтед" және "Эвертон" футбол клубтарындағы өнерімен танымал. Ол сонымен қатар "Динамо" (Киев), "Фиорентина", "Рейнджерс" және "Манчестер Сити" сияқты атақты командалардың негізгі ойыншысы болды. Жастар құрамаларының арасындағы Еуропа чемпионы, УЕФА суперкубогының, Англия кубогы мен суперкубогының, Шотландия кубогының иегері атанды.

Сондай-ақ Андрей Канчельскис Англия мен Шотландия чемпионы. Ол "Манчестер Юнайтед" сапында 158 матч өткізіп, 36 гол соққан. "Эвертонда" бір маусымда 16 гол соғып, команданың үздік мергені атанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: