Жаңалықтар тізбегі
0

БАҚ: Ресей Қазақстанға Кислицинді экстрадициялау туралы өтініш жолдады

БАҚ: Ресей Қазақстанға Кислицинді экстрадициялау туралы өтініш жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 19:47 Сурет: gov.kz
Ресей мен АҚШ Қазақстаннан Алматыда ұсталған ресейлік Қорғалатын ақпаратқа заңсыз қол жеткізгені үшін айыпталған F.A.C.C.T. компаниясының қызметкері Никита Кислицинді экстрадициялауды талап етпек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости жазды. Агенттік ақпаратты ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы Нұрдәулет Сүйіндіковке сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, АҚШ та экстрадициялауды талап етіп отыр, бірақ Вашингтоннан ресми өтініш әлі түскен жоқ. Бас прокуратура өкілінің айтуынша, АҚШ билігі Кислицинді қорғалатын ақпаратқа заңсыз қол жеткізгені үшін айыптайды.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан Кислицинді халықаралық шарттар мен ұлттық заңнама талаптарына сәйкес экстрадициялау мүмкіндігін қарастыратынын нақтылады.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін ҚР Бас прокуратурасына жүгінді.

Маусым айының соңында Қазақстанда Hacker журналының бұрынғы бас редакторы ұсталды. Бұдан кейін Бас прокуратураның өкілі Кислицин баспана сұраса, бүкіл процесс біраз созылып кететінін атап өтті. Ол Ресейдің де Қазақстанға сауал жолдағанын, онда Никита Кислицинді америкалықтарға бермеуді сұрағанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: