Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемдегі ең қарт бодибилдер 90 жасында Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бодибилдинг, АҚШ, культуризм, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 14:15 Сурет: видеодан скриншот
АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны Джим Аррингтон 2015 жылы әлемдегі ең қарт бодибилдер атанған еді. Ол 90 жасында жарысқа қайта қатысып, атағын жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

83 жасында Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең қарт бодибилдер ретінде кірген Джим Аррингтон рекордын жаңартты. Ол Рино қаласында өткен Халықаралық бодибилдинг және фитнес федерациясының кәсіпқой лигасының жарысына қатысты.

Аррингтон 70 жастан асқан ерлер санатында үшінші, ал 80 жастан асқан санатта бірінші орын алды.

Спортшының айтуынша, ол 5,5 келі салмақпен дүниеге келген әрі кішкентай кезінде аурушаң болған. Ол жаттығуды 15 жасынан бастаған.

Аррингтон әлі күнге дейін аптасына үш рет екі сағат жаттығу залына барады, әлемдік рекордты бұзу "оған мүлде жаңа ғаламды ашқан".

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: