Әлемнің ең қарт тұрғыны 115 жасында бақилық болды

Пожилые люди, пенсионеры, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2024 12:24 Фото: Zakon.kz
Жер шарының қарт тұрғыны Элизабет Фрэнсис 115 жасында қайтыс болды. Ол АҚШ-тың ең кәрі тұрғыны болып саналады, сондай-ақ, әлем бойынша ұзақ өмір сүріп келе жатқан адамдардың үштігінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Longeviquest басылымы жазғандай, ол 1909 жылы дүниеге келген және өмірінің көп бөлігін Хьюстонда өткізген.

Фрэнсис ұзақ өмірдің құпиясы ретінде, жаман әдеттерден аулақ болуды атады — алкоголь мен темекіні тұтынбаған. Дегенмен тамақтану кезінде қатаң тыйымдарға жүгінбеген, не қаласа соны жеген.

Ол өмірінің соңына дейін 95 жастағы қызының қолында тұрды.

Бұған дейін бүгін, 25 қазанда Алматыдағы Ұлы Отан соғысы ардагерінің 100 жасқа толғаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: