Түркияның 32 облысында дақылдар мен жеміс ағаштары үсіп кеткен

Түркияның 32 облысында дақылдар мен жеміс ағаштары үсіп кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2025 11:54 Сурет: pixabay
Биылғы көктем Түркияның соңғы 30 жылдағы ең суық көктемі болды. Мамандар осылай деп отыр.

Бірнеше күн бойы қалың қар жауып, ауа температурасы минус 15 градусқа дейін төмендеген соң елдің 32 облысында дақылдар мен жеміс ағаштары үсіп кеткен.

Диқандар ел бойынша табиғи апат негізіндегі төтенше жағдай жариялау қажет дейді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы несиелерінің мерзімін кешіктіріп, пайызын азайту қажет деген де пікірлер айтылып жатыр.

Себебі бірқатар диқандар үсікке ұрынған өнімдердің орнына жаңадан егу жұмыстарын бастамақ, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл үшін мемлекеттік резервтен тұқым бөлу мәселесін де қарастыруды талап етуде.

Түркияның ауыл шаруашылығы министрі шұғыл жиын өткізіп, диқандарға жан-жақты көмек көрсетіледі деді.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары қазір нақты шығындарды есептеп жатыр. Біз егістіктері үсіп кеткен диқандарға жан-жақты көмек көрсетеміз. Елімізде 206 түрлі көкөніс, жеміс жидек пен ауыл шаруашылығы өнімдері өсіріледі. Дегенмен бидай, майлы дақылдар сияқты басқа да стратегиялық өнімдерге қатысты ешқандай қауіп жоқ. Тек қана жеміс-жидектерде біршама шығын бар." Ибраһим Юмаклы, Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: