Санжар Жұбанов Түркияның үстел теннисі клубымен келісімшартқа қол қойды
Сурет: olympic.kz
Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Жұбанов Түркияның "Samvet TTC" клубының намысын қорғайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Самсун қаласының командасы Түркия Премьер-лигасында өнер көрсетеді және ел чемпионатының күміс жүлдегері саналады.
Санжар Жұбанов жаңа клуб сапындағы алғашқы ойынын қараша айында өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алан Құрманғалиев Францияның "Хеннебон" клубымен келісімшартқа қол қойған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript