Кирилл Герасименко АҚШ-тағы беделді үстел теннисі турнирінде өнер көрсетеді

Кирилл Герасименко АҚШ-тағы беделді үстел теннисі турнирінде өнер көрсетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 20:48 Сурет: olympic.kz
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында үстел теннисінен беделді United States Smash турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы атынан бұл жарысқа екі спортшы қатысады. Ел намысын Кирилл Герасименко мен Зауреш Ақашева қорғайды.

Турнирге Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ван Чуцинь (Қытай), Трульс Морегард (Швеция), Томокадзу Харимото (Жапония), Феликс Лебрун (Франция), Уго Кальдерано (Бразилия), Сунь Инша (Қытай), Ван Маньюй (Қытай), Мива Харимото (Жапония), Сабина Винтер (Германия), Хина Хаята (Жапония) және басқа да танымал спортшылар қатысады.

United States Smash турнирі 26 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: