Үстел теннисі: Кирилл Герасименко United States Smash турнирінде бақ сынайды

Үстел теннисі: Кирилл Герасименко United States Smash турнирінде бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 22:49 Сурет: olympic.kz
Лас-Вегаста (АҚШ) үстел теннисінен United States Smash атты ірі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жарыста әлемдік деңгейдегі көптеген жұлдыз бақ сынамақ. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің көшбасшылары бар: Линь Шидун (Қытай, №1), Ван Чуцинь (Қытай, №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Харимото Томокази (Жапония, №4), Лян Цзинкунь (Қытай, №5), Трулс Морегард (Швеция, №6), Феликс Лебрун (Франция, №7), Лин Юн-Джу (Тайбэй, №8), Дарко Йоргич (Словения, №9), Сян Пэн (Қытай, №10).

Қазақстандық Кирилл Герасименко турнирді іріктеу кезеңінен бастайды. Оның алғашқы қарсыласы – Бельгияның үш дүркін чемпионы Мартин Аллегро.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры - 1 550 000 АҚШ доллары.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: