Алан Құрманғалиев үстел теннисінен АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2026 09:58 Сурет: olympic.kz
Қазақстанның үстел теннисінен ұлттық құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс барысында Алан төрт кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты 3:0 және Эндрю Цаоны 3:0 есебімен жеңді.

Ал финалда Құрманғалиев австралиялық Чулун Не-ні 3:1 есебімен ұтып, турнирді бірінші орынмен аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Арлан Жаңабай триатлоннан өткен Азия кубогы кезеңінде күміс медаль иеленгенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: