Жаңалықтар тізбегі
0

Американың ірі бизнесі Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі

Американың ірі бизнесі Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 18:30 Сурет: Ұлттық экономика министрлігі
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан-Америка Іскерлік Кеңесінің (USKBZC) мүшелерімен дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шарада АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси бастаған Chevron, Boeing, Google, Brownstein, ITIC, Bechtel және т.б. ірі америкалық компаниялардың басшылары болды.

Ә.Қуантыров өз сөзінде Қазақстанның АҚШ-тың көптеген бизнес алпауыттарымен ынтымақтастығы отыз жыл бойы жалғасып келе жатқанын және жыл сайын инвестиция көлемінің артып келетінін атап өтті.

"2022 жылы АҚШ-тың Қазақстанға жалпы тікелей шетел инвестицияларының ағыны 82%-ға өсіп, $5,1 млрд. құрады. АҚШ дәстүрлі түрде Қазақстан экономикасының ең ірі үш инвесторының бірі болып табылады", - деді ҚР ҰЭМ басшысы.

Өз кезегінде бизнес өкілдері Астанада 2023 жылғы маусымда өткен Америка іскерлік кеңесі жұмысының тиімділігін атап өтті. Сондай-ақ, олар Қазақстанда салық салу және инвестициялық саясат бойынша жүргізіліп жатқан реформаларға қызығушылық танытты.

Келіссөздер барысында кәсіпкерлер цифрландыру, инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардағы ынтымақтастық әлеуетінің зор екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: