Жаңалықтар тізбегі
0

Данияда радикалды топ мүшелері Құран кәрімді өртеп жіберді

Дания, Құран, Швеция, Түркия, Ирак, Құран өртеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 21:18 Сурет: pixabay
"Дания патриоттары" радикалды тобының белсенділері Копенгагенде Мысыр мен Түркия елшіліктерінің алдында Құран кәрімді өртеп жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

TRT world басылымының жазуынша, Дания мен Швеция билігі қасиетті кітаптың өртелгеніне өкініш білдіретінін, бірақ сөз бостандығын қорғайтын ережелерге сәйкес оның алдын ала алмайтынын айтты.

Өткен аптада Ирактағы наразы топ Бағдадтағы Швеция елшілігіне өрт қойды.

Ирак Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні Еуропалық Одақ елдері билігін соңғы оқиғаларға байланысты "ой еркіндігі мен наразылық білдіру құқығын" тез арада қайта қарауға шақырды.

Дүйсенбі күні Түркия Құранға жасалған "жексұрын шабуыл" деп атаған әрекетті қатаң айыптайтынын айтып, Данияны Исламға қарсы осы "жек көрініштен туған қылмыстың" алдын алу үшін шара қабылдауға шақырды.

 "Адамдар наразылық білдірген кезде сөз бостандығының кең ауқымды пайдасын көреді. Бұл жай ғана сөзбен айтып жеткізу емес. Адамдар ойын әртүрлі тәсілдермен көрсете алады, мәселен бір затты жағып жіберу арқылы"  – деді Копенгаген университетінің құқық профессоры Трине Баумбах Дания заңдарын түсіндіре отырып.

Швеция полициясы шілденің 11-і күні Стокгольмдегі Ирак елшілігінің жанында Құран өртеп, шеру өткізуге рұқсат берді. Осы жайттан соң жүздеген шеруші бейсенбі күні таңертең Бағдадтағы Швеция елшілігіне басып кіріп, ғимаратқа өрт қойды. Елшілік қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: