Жаңалықтар тізбегі
0

Швеция парламенті ғимараты жанында Ирактың қос мигранты Құран кітапты өртеп жіберді

Құран, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 20:09 Сурет: pixabay
Ирактық мигранттар Стокгольмдегі парламент ғимаратының жанында Құран кітапты өртеп жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Aftonbladet газетінің мәліметінше, дүйсенбіде 2 адам швед Риксдагы жанында Құран кітапты өртеп жіберген. 

Басылымның хабарлауынша, акцияны ұйымдастырушы - Салван Момика мен Салван Наджем қасиетті кітапты алдымен доп құсатып тепкен, содан кейін оны өртеп жіберген. Стокгольм полициясы демонстрацияны өткізуге рұқсат берген. 

11 шілдеде Швеция полициясы  Стокгольмдегі Ирак елшілігі жанында демонстранция өткізуге, Құран кітапты өртеуге рұқсат берді. Осыдан кейін жүздеген демонстрант бейсенбі күні таңертең Швецияның Бағдадтағы елшілігіне басып кіріп, оны өртеп жіберді. Елшілік қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. 

Сол күні БҰҰ Құран мен басқа да қасиетті кітаптарды өртеуді айыптайтын қаулы қабылдағаны белгілі болды.

20 шілдеде Бағдадта Швеция елшілігі ғимаратының жанында жаппай наразылық акциясы басталды. Бұған 19 шілдеде Құран кітапты өртеуді қамтитын наразылық акциясын өткізуге полицияның кезекті рет берген рұқсаты түрткі болды.

Осыдан кейін Бағдад Швеция елшісін Ирактан шығарып, Стокгольмдегі ел ісімен айналысатын сенімді өкілді қайтарып алу туралы шешім қабылдады.

23 шілдеде Құранды өртеу акциясы Даниядағы Ирак елшілігінде өтті.

25 шілдеде "Дания патриоттары" радикалды тобының белсенділері Копенгагендегі Мысыр мен Түркия елшіліктерінің алдында Құран кітапты өртеп жіберді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: