Жаңалықтар тізбегі
0

Сингапурда 19 жылдан бері алғаш рет есірткі сатқаны үшін әйел адам дарға асылды

Сингапур, есірткі, өлім жазасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2023 15:47 Сурет: freepik
Жұма күні Сингапурда соңғы 19 жылда алғаш рет есірткі саудасы үшін сотталған әйел өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белсенділер келесі аптада тағы бір өлім жазасы белгіленгенін айтқан.

Есірткімен күрес бюросының мәліметінше, 45 жастағы Саридеви Джамани 2018 жылы шамамен 31 грамм таза героин сатқаны үшін өлім жазасына кесілген. Олардың дәйегінше, есіркінің мұнша мөлшері "шамамен 370 нашақордың бір апта бойы тұтынуына жеткілікті".

Сингапур заңында 500 грамнан астам каннабис пен 15 граммнан астам героин сатқаны үшін сотталғандарға өлім жазасы қарастырылған.

Джамани 50 граммға жуық героин сатқаны үшін өлім жазасына кесілген 56 жастағы сингапурлық Мұхаммед Азиз Хуссейн жазаланғаннан кейін екі күннен кейін дарға асылған.

Есірткіге қарсы күрес бюросы екі тұтқынға да, соның ішінде үкімге шағымдану, сондай-ақ президенттен рақымшылық жасауын сұрап жазған өтінішхаттар бойынша тиісті процесстер жүргізілгенін мәлімдеді.

Құқық қорғау топтары, халықаралық белсенділер мен БҰҰ Сингапурды есірткіге қатысты қылмыс жасағандарды өлім жазасына кесуді тоқтатуға шақырды әрі олардың пайымынша, бұл жаза есірткі саудасына тосқауыл бола алмайды. Сингапур билігі өлім жазасы есірткіге сұраныс пен ұсынысты тоқтатуда маңызды деп санайды.

Елдегі құқық қорғау топтары 2022 жылдың наурызында дарға асу қайта басталғаннан бері есірткімен байланысты қылмыс жасаған 15 адам өлім жазасына кесілгенін айтады, орта есеппен алғанда айына бір адам дарға асылады деуге болады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: