Өзбекстанда әкесі жаңа туған қызын 1,3 млн теңгеге сатпақ болған

Өзбекстан, нәресте саудасы, бала саудасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 14:04 Сурет: pixabay
Өзбекстанның Сурхандария облысының Ангор ауданында ер адам екі күндік қызын 1,3 миллион теңгеге сатпақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл құқық бұзушылықты полицияға оның көршісі хабарлаған. Оның айтуынша, Ангор ауданында тұратын 54 жастағы ер адам қызын 35 миллион сумға (1,3 миллион теңгеге) сатпақ болған, деп жазды Podrobno.uz.

Ол төрт жыл 29 жастағы әйелмен азаматтық некеде тұрған.

Ер адам 1,4 мың доллар мен 10 миллион сум алып жатқан жерінде өз үйінде ұсталды.

Бұл факті бойынша Өзбекстан Қылмыстық кодексінің адам саудасы бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: