Алматыда 3 млн теңгеге автомат сатпақ болған ер адам ұсталды

Алматы, қару, автомат, Калашников автоматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2022 09:40 Сурет: polisia.kz
Алматыда арнайы іс-шара кезінде Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Арнайы іс-шара барысында "қару-жарақ сатумен айналысты" деген күдікпен 42 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Ол 5,6 мм патрондарды атуға жарамды АК-74 автоматын сатты. Қару-жарақтың нөмірі жойылған, бұл оны анықтауды қиындату үшін әдейі жасалды деп ойлаймыз. Бұл іс ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев

Қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.Сараптама қорытындысы бойынша атыс қаруының қайдан алынғаны және кімдікі екені анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: