Стивен Кинг өзбекстандық әйелге өз әңгімесінің желісімен фильм түсіру құқығын бір долларға сатты

Стивен Кинг өзбекстандық әйелге өз әңгімесінің желісімен фильм түсіру құқығын бір долларға сатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 16:19 Сурет: wikimedia
Ташкенттегі С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематографиялық институтының студенті Гүлнар Иванова жазушы Стивен Кингпен келісімшартқа отырып, 1981 жылы жазылған "Қол алыспаған адам" повесі бойынша фильм құқығын 1 долларға сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорқыныш жанрындағы қысқаметражды "Касание" фильмі бұған дейін Малайзияда өткен Nitiin халықаралық кинофестивалінде "Үздік триллер" номинациясында жеңіске жетіп, "Student World Impact Film Festival" фестивалінің дипломымен марапатталды.

Университеттің хабарлауынша, қазір Гүлнәр Ташкенттік Бүкілресейлік мемлекеттік кинематографиялық институтының қолдауымен "Көзіңді аш" атты жаңа фильмін аяқтап жатыр.

Оның трейлері Панамадағы The Panama Series фестивалінде "Үздік трейлер" номинациясын жеңіп алды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: