Мәскеудің мэрі "Москва-Сити" мұнараларының біріне тағы ұшқышсыз ұшақ соғылғанын хабарлады
Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Внуково әуежайы қалыпты жұмысын режиміне көшірілді.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Мәскеудегі нысандарға ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағаны жөніндегі деректі растады. Ведомствоның мәліметінше, екеуі Мәскеу маңында жойылды, тағы біреуін радиоэлектронды күрес құралдары "Москва-Сити" аумағында жойды.
"1 тамызға қараған түні Мәскеу мен Мәскеу облысының нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен лаңкестік әрекет жасау әрекетінің жолы кесілді. Мәскеудің Одинцово және Нарофоминск аудандары аумағында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы украиндық екі ұшқышсыз ұшу аппараты жойылды. Тағы бір ұшқышсыз ұшақ радиоэлектронды күрес құралдары арқылы жойылып, "Москва-Сити" тұрғын емес ғимараттар кешенінің аумағына құлады", – делінген РФ Қорғаныс министрлігінің Telegram-дағы хабарламасында.
30 шілдеде "Москва-Ситидің" екі мұнарасына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасаған. Салдарынан бизнес орталығының екі кеңсе мұнарасының қасбеті зақымдалды. Атап айтқанда, "IQ кварталы" мұнарасының шынылары ішінара опырылып түсті. Онда Цифрлық даму министрлігінің, Индустрия және сауда министрлігінің және Экономикалық даму министрлігінің кеңселері бар.