Мәскеу мэрі қалаға ұшқышсыз ұшақтармен тағы шабуыл жасалмақ болғанын мәлімдеді
Сурет: pixabay
Мәскеуге жақындаған кезде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі екі жауынгерлік ұшқышсыз ұшақты атып түсірді. Бұл жөнінде Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қаланың үстінен екі жауынгерлік ұшқышсыз ұшақ ұшып өтпек болды. Екеуі де әуе қорғанысы арқылы атып түсірілді. Біреуі Домодедово жақта, екіншісі Минск тас жолы маңында. Қазіргі уақытта шарықшақтан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр", – деп жазды Собянин Telegram-да.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Мәскеу облысының аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарымен лаңкестік әрекет жасау әрекетінің жолы кесілгенін растады.
4 шілдеде қала мэрі Сергей Собянин Мәскеу мен Мәскеу облысына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағанын хабарлады.
Араға уақыт салып, 1 тамыз күні "Москва-Сити" мұнараларының біріне тағы ұшқышсыз ұшақ соғылғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript