Қазақстан мен Бангладеш визалық талаптардан босату туралы келісім жасауға ниетті
Келісім тараптардың бірінің азаматтары, жарамды дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттары бар және екінші Тарап мемлекетінің аумағында аккредиттелмеген болса, келген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге визасыз екінші тараптың мемлекетінің аумағына кіре, шыға алады, транзитпен өте алады.
Бұл ретте дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың жарамды мерзімі екінші тарап мемлекетінің аумағына кірген күннен бастап кемінде алты ай болуы керек.
Бұл келісімді қабылдау Қазақстан мен Бангладеш арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға және дипломатиялық және қызметтік/арнайы төлқұжаттардың иелерін визалық талаптардан өзара босатуды орнатуға мүмкіндік береді.
Құжат 16 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.