Қазақстан мен Қытай визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге келді
Сурет: ҚР ИИДМ
Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, бұған дейін қазақстандықтар Қытайда визасыз 30 күнге дейін бола алатыны хабарланған болатын.
17 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
CCTV телеарнасына берген сұқбатында Тоқаев Қытайдың Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.
Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөздер жүргізді. Президент Си Цзиньпинге шақырғаны және жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, оны Қытай төрағасы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript