Жаңалықтар тізбегі
0

Грузияның премьер-министрі Оңтүстік Осетияны бейбіт жолмен қайтаруға ниетті екенін мәлімдеді

Грузияның премьер-министрі Оңтүстік Осетияны бейбіт жолмен қайтаруға ниетті екенін мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 13:48 Сурет: garibashvili.ge
Премьер-министр Ираклий Гарибашвили Грузия Абхазия мен Оңтүстік Осетия аумақтарын өз құрамына қайтаруға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гарибашвили Грузия бұған тек бейбіт жолмен қол жеткізетінін атап өтті.

"Үкіметіміз елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мен біріктірудің бейбіт жолын ұстанып келеді". Ираклий Гарибашвили

Сондай-ақ саясаткер 2008 жылғы оқиғадан бері 15 жыл өткенін тіле тиек етті. Оның айтуынша, бұл күннің ел үшін маңызы зор. Ол қақтығыс кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерді еске алды.

Қақтығыстан кейін Мәскеу Оңтүстік Осетия мен Абхазияның егемендігін мойындады. Грузия бұл аумақтардың тәуелсіздігін мойындаған жоқ әрі оны өз территориясы деп санайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: