Өзбекстанда қоқыс классикалық музыкамен шығарылатын болды

Өзбекстан, қоқыс, классикалық музыка, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 17:38 Сурет: Өзбекстан Экология министрлігінің баспасөз қызметі
Ташкент қаласы мен екі облыстың тұрғындары әр таң сайын қоқыс шығаратын кездегі дыбысқа шағымданды. Билік қоқыс таситын көліктерді пайдаланудың жаңа әдісін қолданып көруді ұйғарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің бастамасымен тұрмыстық қалдықтарды дабылмен емес, классикалық музыкамен шығару жөнінде шешім қабылданды.

Қазір бұл әдіс Ташкент, Қашқадария және Бұхара облыстарында тестілік режимде іске қосылды. Әр ауданға бір-бір арнайы көлік бөлінді, оның келгенін сигнал беріп емес, классикалық музыка әуенімен хабарлайды.

Жаңа әдіс осы өңірлерде табысты болса, ол бүкіл республика бойынша енгізілуі мүмкін.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: