Түркия порттағы жарылыстың кесірінен қанша тонна астықтан айырылды
Сурет: pixabay
Түркия билігі Деринжеде 7 тамыз күні болған жарылыс салдарынан 15 мың тонна астық жарамсыз боп қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркияның Деринже портындағы жарылыстан кейін астық қорының 20 пайызы, яғни 15 мың тонна өнім бүлінген, деп жазды URA.ru.
Алдын ала болжам бойынша, қордың 20 пайызға жуығы бүлінген.
Түркияның астық кеңесінің басшысы Ахмет Гүлдал жарылыс қасақана ұйымдастырылған болуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығармайтынын айтты.
Ыстамбұлдан 100 шақырым жерде Қожаелі провинциясы аумағындағы Мәрмәр теңізінде орналасқан түріктің ірі сауда порты Деринже аймағында күшті жарылыс болды.
12 адам жарақат алды. Жарылыс Түркия астық кеңесіне тиесілі элеваторларда астық тиелетін кемелер аумағында болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript