Қазақстанның екі азаматына Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін үкім шықты
Сурет: unsplash
ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 10 тамызда Оңтүстік Корея мемлекеттік шекарасын наурыз айында заңсыз кесіп өткен Қазақстанның екі азаматына қатысты сот үкімі шықты.
"Инчхон қаласының аймақтық соты ҚР азаматтарының әрқайсысына 3 млн корей вон көлемінде (1 млн теңгеден астам) айыппұл салу, одан кейін елден депортациялау туралы шешім шығарды. Айыппұлды сот белгілеген мерзімде (7 күн) төлей алмаған жағдайда, оларға айыппұлды өтеу үшін 30 күн жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі", - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Министрліктің сөзінше, Қазақстан дипломаттары ҚР азаматтарына барлық қажет консулдық-құқықтық көмек көрсетті. Олардың туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста болды, сонымен қатар сот процесіне қатысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript