АҚШ-та өз-өзіне қол жұмсау саны соңғы 80 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

АҚШ, суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2023 15:15 Сурет: pixabay
2022 жылдың соңында АҚШ-та Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі статистикалық бақылаулар тарихында ең көп суицид тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Associated Press мәліметі бойынша, 2022 жылы АҚШ-та шамамен 49,5 мың адам өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан бергі статистикалық бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш екен. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-та өз-өзіне қол жұмсау санының артуы көптеген факторларға, соның ішінде атыс қаруына қолжетімділік пен депрессия жағдайларының көбеюіне байланысты болуы мүмкін.

Америка Құрама Штаттарында өз-өзіне қол жұмсау саны 2000 жылдан 2018 жылға дейін тұрақты өсіп отырған. 2019-2020 жылдары статистика кенеттен жақсара бастады: бір қызығы, бұған Covid-19 індеті әсер еткен болуы мүмкін, өйткені қиын уақытта адамдар бірігіп, бір-біріне психологиялық қолдау көрсетуге бейім. Бірақ 2021 жылдан бастап Америка Құрама Штаттарында өз-өзіне қол жұмсау саны қайтадан көбейе бастапты.

2022 жылы суицид жасау саны егде америкалықтар арасында, әсіресе, 45-64 жас тобында 7%-ға, ал 65 жастан асқандар арасында 8%-ға өскен. Бірақ жасөспірімдер мен жастар (10-24 жас) арасындағы суицид, керісінше, 8 пайызға азайған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: