Қазақстан оқушылары Igeo халықаралық олимпиадасынан алтын мен қола жеңіп алды
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Индонезияның Бандунг қаласында IGeO-2023 географиядан халықаралық олимпиада мәресіне жетті. Байқауда Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ел намысын география пәнінен республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы қорғаған. Олар үш тур – жазбаша тест, мультимедиялық тест және практикалық тапсырма бойынша жарысты.
Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша медальдар қоржыны екі жүлдемен толықты:
- Алтын – Санжар Хамитов, Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
- Қола - Арсен Сыдықов, Шымкент қаласындағы НЗМ 10-сынып оқушысы.
Айта кетері, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткен еді. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 3 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алған.
Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript