Қазақстаннан қай елдерге тікелей рейспен ұшуға болады
Cурет: unsplash
Қазақстаннан аптасына 581 тікелей халықаралық рейс орындалады. 117 бағыт бойынша 31 мемлекетке тікелей рейстер жүзеге асырылады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департамент мына елдерге рейс тікелей орындалатынын түсіндірді:
- Түркия
- БАӘ
- Өзбекстан
- Ресей
- Грузия
- Тәжікстан
- Қырғызстан
- Беларусь
- Германия
- Египет
- Оңтүстік Корея
- Нидерланды
- Польша
- Армения
- Мальдив аралдары
- Вьетнам
- Тайланд
- Әзірбайжан
- Кувейт
- Үндістан
- Катар
- Ұлыбритания
- Моңғолия
- Иран
- Италия
- Қытай
- Черногория
- Греция
- Оман
- Бахрейн
- Пәкістан
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, 2023 жылдың көктем-жаз маусымының басына қарай Анкара мен Мединаға жаңа рейстер ашылды.
"Жыл соңына дейін Куала-Лумпурға (Малайзия) рейстерді қалпына келтіру және Тель-Авив (Израиль), Джидда (Сауд Арабиясы) және Карачиге (Пәкістан) жаңа бағыттарды ашу жоспарланып отыр. Ал 2025 жылға қарай Мумбайға, Гонконгқа, Венаға, Токиоға, Сингапурға, Нью-Йоркке, Бұхараға, Прагаға және басқа да шетел қалаларына рейстерді ашу жоспарда бар".Ержан Еркінбаев
Бұған дейін жазғы туристік маусым басталғалы Қазақстанға кемінде 250 мың шетелдік (қонақүйлерде тұрған туристер) келгенін хабарлаған едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript