Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан өнімдерінің Италияға экспорты 900 миллион долларға дейін ұлғайтылмақ

Қазақстан өнімдерінің Италияға экспортын 900 миллион долларға дейін ұлғайту жоспарда Сурет: primeminister.kz
Италияға жалпы құны $900 млн-нан асатын қазақстандық 110 тауар өнімінің экспортын арттыруға дайынбыз. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесі Төрағасының орынбасары – сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен кездесті. Италия Қазақстанның әлем бойынша ірі үш сауда серіктесінің бірі және Еуропалық одақ елдері арасында бірінші орында тұр.

  • Атап айтқанда, былтыр екіжақты тауар айналымы 55%-ға жуық артып, шамамен $15 млрд-қа жетті. Италия Еуропалық одақ елдері қатарынан Қазақстан экономикасының тұрақты ірі инвесторлар бестігіне кіреді.
  • Кейінгі 17 жылда жалпы тартылған инвестициялар көлемі $7,3 млрд-қа жетті.
  • Былтырғы қорытынды бойынша шамамен 2,5 есе өсіп, $300 млн-ға жуықтады.
"Дегенмен тауар айналымын одан әрі арттыруға әлеуетіміз жеткілікті. Біз Италияға жалпы құны $900 млн-нан асатын қазақстандық 110 тауар өнімінің экспортын арттыруға дайынбыз", — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Антонио Таяни Италия Қазақстанмен жан-жақты, әсіресе сауда, энергетика және өнеркәсіп бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.


"Біз Италияда бірлескен кәсіпорындарды, жаңа қазақстандық компанияларды ашуға дайынбыз. Сондай-ақ кәсіпорындарымыз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін Іскерлік кеңес құруға ниеттіміз", — деді ол.

Сонымен қатар ол Алматыда жаңа итальяндық мәдениет институтын ашудың маңыздылығын атап өтті. Бұл екі ел арасында студенттер алмасуды арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз