900 миллион теңгенің мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды

Қызылорда прокуратурасы 900 миллион теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 14 мамырда Қызылорда облысының қадағалау органы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпаратта қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін полигонды жергілікті әкімдік кәсіпкерге келісім негізінде 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға бергені көрсетілген.
"Дегенмен, сенімгерлік басқарушы есеп тапсыру, тапқан пайдасының елу пайызын сыйақы ретінде және таза кірісінің бөлігін мемлекетке төлеу жөнінде шарт міндеттемелерін орындамаған." Қызылорда облысының прокуратурасы
Ал әкімдік бұл міндеттемелердің орындалуына бақылау жасамаған.
"Қадағалау актісінің нәтижесімен құны 700 млн теңгені құрайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон және 326 га көлемінде, құны 210 млн теңгені құрайтын 16 жер учаскелері мемлекетке қайтарылды." Қызылорда облысының прокуратурасы
Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript