Алматыда мемлекетке 300 млн теңгеден астам актив қайтарылды

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2026 15:47 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы прокуратурасы мемлекетке 300 млн теңгеден астам активті қайтарды. Бұл туралы 2026 жылғы 12 қаңтарда қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Хабарламаға сәйкес, прокуратура органдары ел басшысының тапсырмасымен заңсыз алынған мемлекеттік активтерді қайтару бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

"Өткізілген шаралар барысында 2019 жылы "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" ЖШС заңға қайшы әрекет жасап, активтерді иемденгені анықталды. Медеу аудандық прокуратурасы арқылы берілген шағым негізінде сот жасалған мәмілелерді заңсыз деп таныды. Нәтижесінде мемлекетке 300 млн теңгеден астам актив қайтарылды", – деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Берік Асылов прокурорлардың 2025 жылы мемлекет мүддесін 1,1 трлн теңгеден астам қорғағанын айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: