Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылды

Алматыда заңсыз салынған кезекті ғимарат бұзылды. Бұл туралы 2026 жылғы 20 ақпанда жұма күні қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 13:47 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда заңсыз салынған кезекті ғимарат бұзылды. Бұл туралы 2026 жылғы 20 ақпанда қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің айтуынша, Сейфуллин даңғылы, 553/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сүрілді.

Аталған нысан басқарма инспекторлары тарапынан қала құрылысы заңнамасының сақталуына жүргізілген бақылау барысында анықталған.

Инспекторлар атқарған түсіндіру жұмысының нәтижесінде меншік иесі нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады.

Ғимаратты бұзу жұмыстары меншік иесінің күшімен, мәжбүрлеу шараларын қолданбай жүзеге асырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: