Ақмола облысында 678 млн теңгенің орман қорына жататын учаске мемлекетке қайтарылды
Сурет: unsplash
Ақкөл ауданының прокуратурасы сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қоры учаскелерін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы 27 маусымда Zakon.kz-ға Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекетке қайтарылған орман қоры учаскесінің жалпы ауданы - 118,9 гектар.
"Жалпы құны 678 млн теңге болатын учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылды". Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Бұл орман телімдері бойынша 2016 жылдан бастап белгіленген мақсатқа сай пайдаланылмағаны, жалдау ақысы төленбегені анықталды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер орман өрттері қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбеген, өртке қарсы жоспарлар әзірленбеген.
"Жоғарыда аталған мән-жайлар аудан прокуратурасының актісі бойынша арадағы шарттарды бұзуға негіз болды". Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
2023 жылы 21 маусымда Алматы қаласы әкімдігі Терренкурдағы су айдынының бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтарғаны белгілі болды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript