Қазақ-өзбек шекарасынан энергия ресурстарын өткізуге бақылау күшейтілмек
Келісімнің мақсаты – Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарына бірлескен кедендік бақылауды ұйымдастыру. Енді елдер тәжірибемен және кеден саласындағы ұлттық заңнаманы бұзу фактілері туралы ақпаратпен алмаса алады. Хаттамада тараптардың кеден органдары балансында тұрған есепке алу тораптары көрсеткіштерін ай сайын алуды, сондай-ақ есепке алу аспаптарына салынған кедендік сәйкестендіру құралдарының тұтастығын, сәйкестендіру құралдарын жоюды/салуды тексеру көзделген.
Келісімге 2021 жылғы 6 желтоқсанда Астанада қол қойылды (06.05.2022ж. №ПП-236 Өзбекстан Республикасы Президентінің қаулысымен осы Келісім ратификацияланды). Келісімде Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарына бірлескен кедендік бақылауды ұйымдастыру көзделеді. Бұл:
- тараптардың кеден органдары балансында есепке алу тораптары (аспаптары) тұрған ведомстволардың өкілдерімен бірлесіп есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу жөніндегі ай сайынғы іс-шараларды жүргізу;
- есепке алу аспаптарына салынған кедендік сәйкестендіру құралдарының тұтастығын, сәйкестендіру құралдарын жоюды/салуды тексеру.
Бұдан басқа келісімде энергия ресурстарын кедендік декларациялау және кедендік бақылау мәселелеріндегі өз қызметінің тәжірибесі туралы, анықталған фактілер және мемлекеттердің кеден істер саласындағы ұлттық заңнамасын бұзушылықтың анықталған фактілері және анықтау тәсілдері мен олардың жолын кесу туралы ақпаратпен алмасу көзделеді.