Алматылық сейсмологтар магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісін тіркеді

Жер сілкінісі, Қытай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 09:02 Сурет: wikimedia
8 қыркүйекке қараған түні "СТӘЭ" ЖШС мамандары Алматыдан 661 шақырым жерде болған күшті жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкінісі 8 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша 01:26-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 661 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
  • жер сілкінісінің энергетикалық класы: 10.7;
  • магнитудасы: MPV 5.0;
  • тереңдігі: 5 км;
  • Сезілгені туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "СТӘЭ" ЖШС мамандары 7 қыркүйек күні сағат 00:12-де Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 419 шақырым жерде магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: