Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның сейсмологтары магнитудасы 5,2 болған жер сілкінісін тіркеді

Қазақстанның сейсмологтары магнитудасы 5,2 болған жер сілкінісін тіркеді Сурет: wikimedia
14 шілдеге қараған түні Алматыдан 823 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Тәжікстанда болған магнитудасы 5,2 жерасты дүмпулері Қазақстанда сезілген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 шілде күні сағат 02:49-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 823 шақырым жерде Тәжікстан аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы сейсмологтар айтты.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.5.
  • MPV магнитудасы - 5,7.
  • Тереңдігі - 35 км.
  • Cезілгені туралы ақпарат (MSK-64 шкаласымен) жоқ.

13 шілдеде Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауылының тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 772 шақырым жерде Шығыс Қазақстан аумағында тіркелді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз