Путин екі елге әскер енгізуді "қателік" деп атады
Сурет: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу мемлекетік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен кездесуінде Кеңес Одағы Венгрия мен Чехословакияға әскер кіргізгенде қателескенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
BNN агенттігінің жазуынша, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен кездесуінде Ресей президенті Владимир Путин 1956 жылы Будапештке және 1968 жылы Прагаға кеңес әскерлерінің кіруін сынаған. Оның айтуынша, Венгрия мен Чехословакиядағы жаппай наразылықтарды басу туралы шешім КСРО-ның қателігі болды.
Шетелде Ресейді отаршыл держава ретінде қабылдайтыны жөніндегі сұраққа жауап берген Путин 55 жыл бұрынғы кеңестік сыртқы саясатты сынады.
Кеңес әскерлері Венгрияға 1956 жылы елдің Варшава келісімінен шығуын және оның бейтарап мәртебесін алуын қолдаған жаппай наразылықтарды басу үшін кіргізіліп, мыңдаған адам өлді. КСРО Чехословакияға саяси және экономикалық реформаларға жауап ретінде елде сөз және жиналыс бостандығы кеңейген кезде әскер жіберді.
Бұған дейін Путин мен Ким Чен Ынның кездесуі қайда өтетіні белгілі болған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript