Енді Қазақстан азаматтары Тайландқа жиі ұша алады
Сурет: unsplash
Air Astana 2023 жылдың қазан айының соңынан бастап Бангкок пен Пхукетке рейстер күн сайын ұшатынын хабарлады.
Рейстер ыңғайлы A321LR және B767 ұшақтары арқылы орындалатыны айтылған.
Рейстердің жиі болуы жолаушыларға кең таңдау мүмкіндігін береді әрі сапарды ыңғайлы жоспарлауға көмектеседі.
Таиланд үкіметінің хабарлауынша, алдағы күзгі-қысқы маусымға дейін Қазақстан азаматтары үшін 2023 жылдың 25 қыркүйегі мен 2024 жылдың 29 ақпаны аралығында 30 күнге дейін уақытша визасыз режим енгізілген.
Қазір Тайланд визасы әуежайға келгеннен кейін беріледі және әуе компаниясы Бангкокқа аптасына үш рет және Пхукетке төрт рет тұрақты рейстерді орындайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript