Иранда "хиджаб туралы" заң қабылданды, оны бұзғандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Сурет: pxhere
Иран үкіметі хиджаб киюге мәжбүрлеуге қарсы жүріп жатқан наразылықтар аясында ерлерді де, әйелдерді де "жалаңаш денесін қымтауға" міндеттейтін заң қабылдады. Тәртіп бұзушылар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Иран үкіметі сәрсенбі, қыркүйектің 20-сы күні жаңа ережелер жинағын қабылдады. Заң нормаларына сәйкес, түзетулер жобалық жоспары үш жылдық сынақ мерзімінен өтеді. Заңда киім киюдің әртүрлі ережелері жазылған, деп жазды CNN.
Қоғамдық орындарда хиджабты дұрыс кимеген әйелдер мен "кеудеден төмен немесе тобықтан жоғары дене бөліктері көрінетін ашық киім" киген ер адамдарға айыппұл салынады. Бұзушылық қайталанса, жаза күшейтіледі.
Заңның төртінші бөлігіне сәйкес ең ауыр жаза қоғамдық орындарда "жартылай жалаңаш" жүретіндерге қарастырылған. Бұзушылық он жылға бас бостандығынан айырумен жазаланады. Алайда стандарттарда "жартылай жалаңаш" ұғымының нақты анықтамасы белгіленбеген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript