Ереванда шерушілер Республика алаңына кіретін жолдарды жауып тастады

Армения, Әзербайжан, Таулы Қарабақ, бейбіт келісім, Ереван, шеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 15:47 Сурет: pixabay
Еревандағы наразы топ қала орталығындағы Республика алаңындағы көлік қозғалысын толығымен жауып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаңға кіретін жолдар толығымен жабылған, онда көлік қозғалысы жоқ. Шерушілер алаңға апаратын көшелерді орындықтармен, электроскутерлермен, көліктермен жауып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Еревандағы шеру Әзірбайжан Қарабақта терроризмеге қарсы операция бастаған сейсенбі күннен бері күш алып барады.

Ереванның орталығындағы Республика алаңында шеруге шыққандар Қарабақты Әзербайжанның бір бөлігі деп таныған премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: