Жаңалықтар тізбегі
0

Франция Нигерден елшісін эвакуациялап, әскерлерін шығарып жатыр

Нигер, Францияның Нигердегі елшілігі, шеру, тәуелсіздік, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 14:47 Сурет: pixabay
Франция президенті Эммануэль Макрон шілде айының соңында мемлекеттік төңкеріс болған Нигердегі елшісін эвакуациялап, әскерін шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эммануэль Макрон көтерілісшілер жетекшілерімен келіссөздер жүргізгеннен кейін Нигердегі Франция елшісін кері шақырып алатынын айтты, деп жазды The Guardian. Бұған дейін елші екі бойы кепілде болды деуге болады: оны ғимараттан шығаруға рұқсат етілмеді, сонымен бірге ол персона нон грата ретінде танылды, бұл оның елден заңды түрде кетуіне мүмкіндік бермеді.

"Франция өз елшісін кері шақырту туралы шешім қабылдады. Алдағы бірнеше сағат ішінде біздің елшіміз және бірнеше дипломат Францияға оралады", – деді Макрон.

Дипломаттардың Нигерден қалай шығатыны белгісіз: Нигер әуе кеңістігін француз ұшақтарына жауып тастаған.

Эммануэль Макронның айтуынша, екі ел арасындағы "әскери ынтымақтастық" тоқтатылды әрі француз әскери контингенті Нигерден кетеді. Жыл соңына дейін әскерлерді шығару толығымен аяқталады. Француз билігі процестің бейбіт түрде өтуін қамтамасыз ету үшін көтерілісшілер жетекшілерімен байланыста болады.

Бұған жауап ретінде Нигердегі билікті басып алған әскери хунта "егемендікке жаңа қадамды тойлап жатырмыз" деп мәлімдеді және Франция президентінің шешімін "Нигер халқының ерік-жігерін көрсететін тарихи сәт" деп атады.

Нигердің заңды президентін әскерилер шілде айының соңында құлатты. Осыдан кейін елде ауқымды шерулер өтіп, жергілікті тұрғындар француз әскерлерінің елден шығарылуын талап етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: