АҚШ-та бейнеойын саласының алпауыттары Activision және Epic Games қарсы наразылық шеруі өтіп жатыр
Deadline басылымының жазуынша, SAG-AFTRA одағының мүшелері 98,3% дауыспен компьютерлік ойындар саласында жұмыс істейтін актерлерді ең ірі он ойын әзірлеушіге қарсы наразылық білдіруге келісті, оның ішінде Activision, Electronic Arts және Epic Games т.б. бар.
"Ойын компаниялары ойын ойнауды тоқтатып, келісімге келуге кірісетін уақыт келді", - делінген кәсіподақ мәлімдемесінде.
Ойын индустриясында жұмыс істейтін актерлер бұл саладағы ірі ойын компаниялары өз басшыларына жыл сайын миллиондаған доллар төлейтінін, бірақ олар ойын құрастыруға қатысқан актерлерге мансап құруға көмектесетіндей еш жағдай жасап жатпағанын алға тартты. Тірі актерлердің еңбегі бейне ойындарды жасауда (негізінен дауысты орындау үшін, бірақ көбінесе компьютер кейіпкерлерінің қимылдары мен мимикаларын жазу үшін) пайдаланылғанымен, мұндай келісім-шарттар өте сирек төленеді. Бес раундтық келіссөздерден кейін кәсіподақ өкілдері ойын алпауыттарынан негізгі мәселелерді шешуге уәде ала алмады. Олар актерлердің жалақысын индекстеу және бақыланбайтын жасанды интеллекттен бас тартуды талап етіп отыр.