Жапония Тынық мұхитына Фукусимадағы тазартылған судың екінші партиясын төге бастады

Фукусимағ АЭС, Тынық мұхиты, Жапония, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 10:13 Сурет: Kyodo / Reuters
Токио электрэнергетикалық компаниясы (Tepco) 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 10:20-да (Астана уақыты бойынша 07:20) суды төгу процесін бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, бірінші кезеңде зауыт аумағындағы 10 резервуарда сақталған барлығы 7 788 тонна тазартылған су қауіпсіз сұйылтылып, еш қиындықсыз төгілген.

Екінші айналымда шамамен осындай көлемдегі су 17 күн ішінде ағызылады.

Компания 1000-нан астам резервуарларда сақталған тазартылған судың тритийден басқа барлық радиоактивті элементтерді жою үшін сүзгіден өткенін, оның деңгейі БҰҰ Атом энергиясы агенттігі қолдаған қауіпсіз деңгейде екенін мәлімдеді.

Суды Тынық мұхитына толықтай төгу үшін үш жылдай уақыт кетеді деген болжам бар. 

Жапония Фукусимадағы тазартылған радиоактивті суды мұхитқа 24 тамызда төге бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: